Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қатты нөсер жауып, қала көшелерін су басты (фото, видео)

Опубликовано:

Найзағай
Видеодан кадр: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Бүгін, 24 маусым күні Алматыда ауа райы күрт бұзылып, қатты нөсер жауды. Жаңбыр суы қала көшелерін басып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қалада қатты нөсер бүгін күндіз басталды. Онымен қоса, күн күркіреп, найзағай ойнады.

Бейнежазбалардың бірінде алматылықтың жаңбыр суында жүзіп жүргенін көруге болады. Ал екіншісінде су адамдардың белінен келіп тұр. Қала тұрғындары көшеде троллейбустан өрт шыққанын да таспалап алған.

Видеолардан су басқан жолдардан өтуге тырысып жатқан көлік жүргізушілерін аңғаруға болады.

Алматы әкімдігі аталған жайтқа қатысты пікір білдірді. Ведомство нөсердің сағат 14:30-да басталғанын хабарлады. Онда су басудың алдын алу және жою мақсатында қала билігі мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылғанын да атап өтті.

Суды кедергісіз өткізу және тартуды қамтамасыз ету жұмыстарына жалпы саны 682 адамнан тұратын мобильді бригадалар, сондай-ақ 245 арнайы техника мен 24 мотопомпа жұмылдырылды. 1950 қап құм дайындалды.

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, ертең, 25 маусымда Алматыда жауын-шашын болмайды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975595-almatyda-qatty-noser-zauyp-qala-koselerin-su-basty-foto-video/

pixel