Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезінде жалған ақпарат таратқан қостанайлыққа сот үкімі оқылды

Опубликовано:

Сот12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қостанай қаласының №2 сотында қаңтар оқиғасы кезінде әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратты деп айыпталған азаматтың ісі қаралды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Айыптау нұсқасы бойынша, сотталушы "Протестный Костанай" телеграм арнасында жазбалар жариялаған.

Қаңтардағы митингілер кезінде ол полицияның наразылық білдірушілер жағына өтіп жатқаны туралы хабарлама таратқан. Бұл, соттың мәліметінше, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудырған.

Прокурор "көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде" деген саралау белгісін алып тастады, ол айыпталушының әрекетін Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша түпкілікті саралауды және сотталушыға 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Алайда айыпталушы сотта кінәсін мойындамады.

"Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушы Нұрмағамбетовтің жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде соттылығы мен ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескерді. Сот Қылмыстық кодекстің 44-бабында көзделген жазаның бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны және міндеттерді белгіледі", - деп хабарлады облыстық соттан.

Сондай-ақ, қамауда ұстау уақыты мен үйқамақтағы уақыт жаза мерзіміне кіред

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975615-qantar-oqigasy-kezinde-zalgan-aqparat-taratqan-qostanailyqqa-sot-ukimi-oqyldy/

pixel