Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Бөкейханов көшесі уақытша жабылады

Опубликовано:

Жол жөндеу жұмыстары
Көрнекі фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Алматыда Бөкейханов көшесінің Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі бөлігі уақытша жабылады. Бұл туралы оңтүстік астананың мобилділік басқармасы хабарлады.

"Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 24 маусым күнгі сағат 23:00 мен 25 маусым күнгі сағат 06:00 аралығында Бөкейханов көшесінің Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі. Жолға орташа жөндеу жұмыстары жасалады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген баспасөз хабарламасында .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975630-almatyda-bokeixanov-kosesi-uaqytsa-zabylady/

pixel