Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Томирис Байсафаның ісі: Алқабилер соты шешім шығарды

Опубликовано:

Томирис Байсафа
Томирис Байсафа. Фото: instagram.com/baisafatomiris

Ресейдің Мәскеу қаласы Измайлов ауданы сотының алқабилері Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің баласы Муртазали Меджидовты қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне кінәлі деп тапты.

Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова жақында Instagram желісінде тергеудің аяқталғанын хабарлаған болатын. Ал бүгін ол өз парақшасында марқұм қызының суретін жариялап, "кінәлә" деген жазба қалдырды.

РИА ФАН мәліметінше, Мәскеу қаласы Измайлов ауданы сотының алқабилері Меджидовтың Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті қазақстандық қыздың өліміне кінәлі деп тапты.

Айта кетейік, бұған дейін Томирис Байсафаның өліміне қатысы бар болуы мүмкін Дағыстанның экс-премьерінің ұлы ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 3 мамырында Мәскеуде университет ғимаратынан құлаған қазақстандық студент Томирис Байсафа қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975634-tomiris-basafanyn-isi-alqabiler-soty-sesim-sygardy/

pixel