Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 1000-ға тарта түрлі сала қызметкерлері мен полицейлер марапатталды

Опубликовано:

концерт
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

"Қазақстан Полициясының 30 жылдығы" мерекесіне орай 1000-ға тарта түрлі сала қызметкерлері мен полицейлер марапатталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ елі өткен жылы сән-салтанатымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтсе, биылғы жылы Қазақстан Полициясының 30 жылдығы мерекесі келіп жетті. Осынау айтулы күнде Түркістан облысы Полиция департаменті «Полиция күнін» жоғары деңгейде ұйымдастырып, мейрам жасады. Іс-шара Түркістан қаласындағы көркі көз сүйсіндірер, заманауи үлгіде салынған конгресс-холл ғимаратында өтті. Жиынға Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, отставкадағы полиция генерал-майоры Асқар Оспанов, Шымкент қалалық ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, ішкі істер органының ардагерлері, облыс әкімдігінің басшылығы мен жеке құрам қатысты.

концерт
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Жиналған құрметті қонақтарға бірінші кезекте Түркістан облысы Полиция департаментінің өмірі бейнеленген фотосурет пен полицейлердің қызметі мен ерлігі жазылып, жарыққа шыққан газет-журналдардың көрмесі ұсынылды.

концерт
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Сахна шымылдығы мерекелік бейнероликпен бастау алып, ҚР Мемлекеттік туы құрметпен кіргізілді. Әнұран шырқалып, жиынға қатысушылар ПД-де қызмет етіп, жұмыс барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің рухына бас иіп, тағзым етті.

концерт
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Ал алғашқы құттықтау сөзді Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы Арман Жетпісбай алды. Сондай-ақ Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев те өзінің құттықтауын арнап, полицейлерді марапаттады. Одан әрі құттықтау сөзін ТО ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов алып, халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп, күндіз-түні еңбек етсе де шаршамайтын ПД-нің полицейлеріне ыстық лебізін білдірді.

Түркістан облысының полиция департаменті
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

"Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері! Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, арамызда ақыл кеңестеріңізді аямай, қоғамның дамуына және жас мамандардың жұмысына үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Арамызда аман есен жүріңіздер, күш қуаттарыңыз сарқылмасын! Еліміздің қорғандары! Еңбектеріңіз ел алдында елене берсін! Қызметте сәттілік пен абырой тілеймін. Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай! Халық пен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімінен шығу үшін, бар күш жігерімізді салайық. Осы тұста, жыл бойы жақсы нәтижелерімен көзге түскен бірқатар полицейлерімізге құрмет көрсетпек ниеттеміз. Марапаттарыңыз құтты болсын!", - деп ақжарма тілегін жаудырды.

концерт
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

ҚР ІІМ-нен арнайы келген 37 түрлі санаттағы марапаттар өз иелеріне салтанатты түрде табыс етілді. Түркістан облысы ПД басшылығы тарапынан жазылған грамота, алғыс хат, 30 жылдық төсбелгілер өз иелеріне үлестірілді.

КӨРМЕ
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Департамент бастығының бұйрығымен жеке құрам қызметкерлеріне 40 грамота, 56 алғыс хат, 20 алғыс жарияланды. Осылайша өңірдің өркендеуі мен дамуы үшін аянбай еңбек етіп, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ең үздік қызметкерлерге қошемет көрсетілді. Айтулы іс-шара соңында еңбегі еленіп, марапатқа ие болған тәртіп сақшылары өздерінің шынайы алғыстарын жеткізіп, бұл марапаттар - алдағы жұмыстарына жаңа серпін беретінін айтып өтті.

Түркістан облысының полиция департаменті
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Сонымен қатар мерекелік құттықтау сөзін ҚР ІІО Құрметті ардагері Асқар Оспанов, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, отставкадағы полиция полковнигі Жеткерген Сүйіпбергенов, отставкадағы полиция полковнигі Әлімхан Абжанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов жалғап, ыстық ықыластарын білдірді.

марапаттау
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Сахна төріне Жұбаныш Жексенұлы, Еркін Нұржанов, Заттыбек Көпбосынұлы сынды эстрада жұлдыздары мен облыстың өнер майталмандары шығып, ән шырқап, жиналғандарға мың бұралған бишілер биін тарту етті. Арнайы генералдар үшін «Генералдар» әні шырқалып, бейнефильм көрсетілді. Іс-шара соңында қонақтар естелікке суретке түсіп, ерекше көңіл-күйде тарқасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975668-turkistan-oblysynda-1000-ga-tarta-turli-sala-qyzmetkerleri-men-policeiler-marapattaldy/

pixel