jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қырғызстаннан Қазақстанға 30 тонна қантты заңсыз өткізбек болған

Қант
Көрнекі фото: pixabay.com

"Шоң-Капка-автожолы" бақылау-өткізу пунктінің шекарашылары Қырғызстаннан қантты заңсыз әкетпек болғандардың жолын кесті. Атап айтқанда, Қазақстан азаматы тізгіндеген жүк көлігі ұсталды.

Қырғызстан МҰҚК ШҚ баспасөз қызметі 24.kg тілшілеріне рөлінде Қазақстан азаматы отырған "КамАЗ" автокөлігі ұсталғанын хабарлаған.

Шекарашылардың сөзінше, ер адам құжаттарды бірден ұсынған. Онда көлікте тыңайтқыштар, атап айтқанда селитра бар екені көрсетілген.

Алайда тексеру барысында шекарашылар бірнеше қап селитраның артына жасырылған 30 тонна қантты тапты. Осылайша, көлік жүргізушінің Қазақстанға Қырғызстаннан жүкті жалған құжаттармен өткізбек болғаны анықталды.

Тілшілердің айтуынша, құжаттар рәсімделгеннен кейін жүргізуші мен жүк одан әрі тексеру үшін құзыретті органдардың қызметкерлеріне табысталған.

Қырғызстаннан Қазақстанға 30 тонна қантты заңсыз өткізбек болған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.