jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде алаяқтық ісі бойынша ақталған азамат 5 млн теңгеден астам өтемақы өндіріп алды

    сот үкімі11
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Ақтөбеде алаятық ісі бойынша ақталып шыққан азамат сот арқылы 5 млн теңгеден астам ақша өндіріп алды. Ер адам 7 ай қамауда отырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

    Басылымның мәліметінше, Аумақтық орман шаруашылығы инспекциясының бас маманы Нұрдәулет Шәріповке алаяқтық жасады деп айып тағылған.

    Ол кәсіпкер көлік жуу орнын салуды жоспарлаған жерде ағаштарды кесуге рұқсат бергені үшін 200 мың теңге пара алған деген күдікке ілінген. Лауазымды тұлғаны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары ұстаған.

    Тергеу жүргізіліп, содан кейін іс сотқа берілген. Алайда сот барысында сотқа дейінгі тергеу кезінде Қылмыстық-процестік кодекстің нормалары өрескел бұзылғаны анықталған. Нәтижесінде ер адам кінәсіз деп танылған.

    Осыдан кейін ақталған азамат Қаржы министрлігі атынан мемлекеттен заңсыз қылмыстық қудалаудан келген моральдық шығынды өтеуді талап етті.

    Сот ер адамның 7 ай бойы қамауда отырғанын, қамауға алынғанға дейін адал әрі абыройлы адам ретінде танылғанын, төрт бала тәрбиелеп отырғанын ескерген.

    Басылым ақпаратынша, сот Қаржы министрлігін заңсыз қылмыстық қудалау үшін ақталған азаматқа 3 млн теңге мөлшерінде өтемақы төлеуді міндеттеген.

    Одан бөлек ер адам қорғаушы мен заңгерге 2 млн теңгеден астам ақша жұмсаған. Сот шешіміне сәйкес, ақталған азаматқа бұл ақшаны да мемлекет өтеп бермек.

    Ақтөбеде алаяқтық ісі бойынша ақталған азамат 5 млн теңгеден астам өтемақы өндіріп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.