Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Қытай арасында қандай әуе рейстері қайта жанданатыны белгілі болды

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстаннан Қытайға екі әуе рейсі қайта жанданатын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылдан бері алғаш рет қазақстандық Air Astana әуе компаниясы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы – Чэнду бағыты бойынша жолаушыларға арналған тұрақты рейстерін жаңартады.

Сондай-ақ биыл 7 шілдеден бастап жұма күндері қосымша рейс қосылады. Рейстер Boeing-767 және А321 NEO типті әуе кемелерінде орындалатын болады.

Ал Қытай тарапынан China Southern Airlines қытайлық әуе компаниясы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы – Үрімші бағыты бойынша жолаушыларға арналған тұрақты әуе рейстерін жаңартуды жоспарлап отыр. Рейстер Boeing-737 және Boeing-787 әуе кемелерінде орындалатын болады.

"Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру екі достас ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ҚХР азаматтары үшін енгізуге жоспарланған 14 күндік визасыз режимді толық пайдалануға ықпал етеді.

Ұшуларды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайтында жарияланған кестемен орындау жоспарланғанын атап өткен жөн", - деп жазылған комитет хабарламасында.

Билеттерді әуе компанияларының ресми сайттарынан алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975904-qazaqstan-men-qytai-arasynda-qandai-aue-reisteri-qaita-zandanatyny-belgili-boldy/

pixel