Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде қаржы пирамидасына алданғандар сот отырысына кіре алмай жүр

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде қаржы пирамидасына алданғандар абақтының есігін күзетіп жүр. Сот отырысына қатысуды сұраған салымшылар бүгін БАҚ өкілдерінен көмек сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

'Выгодный займ" ЖШС, "Гарант 24 ломбард", "Эстейт Ломбард", "Нұр - Али Капитал" қаржы пирамидаларын құрушыларға қатысты сот отырысы Ақтөбедегі 168/3 түзету мекемесінде өтіп жатыр.

Іс бойынша 48 адам айыпталуда. Оның 31-і қамауда отыр. 3786 томнан тұратын қылмыстық істе 17 268 адам жәбірленуші ретінде танылған, 2429 куәгер бар. Қазіргі уақытта 22 қорғаушының заңды өкілі және 60 адвокат сотқа қатысып жүр.

Келтірілген залал сомасы 30 439 734 571 теңгені құрайды.

"Мен 3,7 млн теңге ақша салдым. 2019 жылдың желтоқсан айы болатын. Ақшаны қаңтар айында аламын деп отырғанда іс қозғалды. Баспанаға, қажеттілігімізге, емге деп жинап жүрген ақшамды сеніп тапсырып, қапыда қалып отырмын. Сот үлкен залда болып жатыр, ештеңе дұрыс естілмейді", - деді Ерболат Аманқұлов.

Салымшылар сотқа қатысып, талаптарын жеткізуге мүмкіндік жасауды сұрайды.

"Ломбардта осындай жағдай болғаннан кейін арыз беру керектігін айтты. Арыз бердік. Сотқа шақырды. Қайтарып бере алмаса халықты неге әбігерге салады. Үкім шығарайын деп жатыр. Біз сотқа қатыса алмай жүрміз. Мен "24 ломбардқа" 300 мың  теңгеден екі рет салдым. Біз бір алдық. Қайталап салғанда ала алмай қалдық. Сотқа да салған өз ақшамызды қайтаруды сұрадық. Рас, алдандық. Басында ай сайын 90 мың теңге алдық. Жұрттар алып жатқасын қызықтық. Осылай жүргенімізге 2 жыл болды", - дейді Шара Мұратәлиева.

Сот процесі түзету мекемесінде өтіп жатыр. Ал үйқамақта отырғандарға онлайн қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

"Сотталдушылардың, оның ішінде басқа өңірлерде тұратындардың санын ескере отырып, сондай-ақ сотталушылардың тиісті мінез-құлқын қамтамасыз ету мақсатында сот Ақтөбе облысының әкімдігі берген тұрғын үйді үйқамақта ұстау орны деп белгіледі. Сонымен қатар сотталушыларға қатысты ҚПК 146 бабының 2 бөлігіне қатысты шектеулер белгіленген", - дейді облыстық соттың баспасөз қызметінен Гүлжанар Отарбаева.

Ардақ Ерубаебаева, Ақтөбе облысы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976024-aqtobede-qarzy-piramidasyna-aldangandar-sot-otyrysyna-kire-almai-zur/

pixel