Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 2022 жылы "Халықтың бюджетке қатысуы" бойынша құны 8,7 млрд теңге болатын 237 жобаға қолдау көрсетіледі

Опубликовано:

брифинг
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 2022 жылы "Халықтың бюджетке қатысуы" бойынша құны 8,7 млрд теңге болатын 237 жобаға қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынай Төлеутаева мәлімдеді.

"Бүгін алматылықтардың "Халықтың бюджетке қатысуы" бағдарламасына қатысуға тағы да мүмкіндігі бар. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Алматыда "Халықтың бюджетке қатысуы" аясында жобалық ұсыныстарды қабылдау басталды, оларды іске асыру 2023 жылға жоспарланып отыр", – дейді Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынай Төлеутаева.

Оның сөзінше, "Халықтың бюджетке қатысуы" бағдарламасы аясында өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматыда жалпы құны 5,4 млрд теңге болатын 256 жоба іске асырылып, пайдалануға берілді.

Алтынай Төлеутаеваның айтуынша, 256 жоба қала тұрғындарының бастамасымен жүзеге асырылған.

"Әрбір іске асырылған жоба өзінше бірегей, қалалықтардан ең жақсы пікірлеріне ие болған жобалар бар. Мысалы, Алатау ауданының Шаңырақ-2 және Томирис шағын аудандарындағы балалар мен спорт алаңдары көпшіліктің көңілінен шықты", - дейді Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынай Төлеутаева.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Алматыда "Халықтың бюджетке қатысуы" аясында жобалық ұсыныстарды қабылдау басталды, оларды іске асыру 2023 жылға жоспарланып отыр.

Өтінім беру мерзімі budget.open-almaty.kz сайты арқылы 20 шілдеге дейін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976251-almatyda-2022-zyly-xalyqtyn-byudzetke-qatysuy-boiynsa-quny-87-mlrd-tenge-bolatyn-237-zobaga-qoldau-korsetiledi/

pixel