Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты ыстық, шаңды дауыл, бұршақ: Бейсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

күнбағыс
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында 30 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Одан бөлек мамандар бүгін күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық болатынын айтады.

Сонымен қатар Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, БҚО-ның шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде өрт қаупі сақталады.                                                                                                                        

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976285-qatty-ystyq-sandy-dauyl-bursaq-beisenbide-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel