Алматы шетелдіктер үшін әлемдегі ең арзан қалалардың қатарына кірді
Жарияланған күні:
Шетелдіктер үшін әлемдегі ең қымбат және ең арзан қалалардың рейтингісі жаңартылды. Бұл тізімде Алматы әлемдегі ең арзан қалалардың қатарында, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әлемдегі ең қымбат және ең арзан қалаларды анықтау үшін Mercer консалтингтік компаниясы жасаған Cost of Living City Ranking рейтингісіне биыл барлығы 227 қала қатысқан.
Алматы рейтингте 219 орында тұр. Осылайша, оңтүстік астана шетелдіктерің өмір сүруі үшін әлемдегі ең арзан қалалардың бірі болып отыр.
Өмір сүру деңгейі арзан қалалардың қатарында Ташкент (221 орын), Бішкек (226 орын) және Түркияның астанасы Анкара (227 орын) бар.
Сонымен қатар әлемдегі ең арзан 10 қаланың қатарына:
- Алжир – 218 орын;
- Тунис – 220 орын;
- Стамбул – 222 орын;
- Карачи – 223 орын;
- Исламабад – 224 орын;
- Душанбе – (225 орын) кірді.
Шетелдіктер үшін әлемдегі ең қымбат қала деп Гонконг танылды. Ондықта Тель-Авив, Нью-Йорк, Сингапур, Токио және Бейжің қалалары кіріп отыр.
Одан бөлек ең қымбат 10 қаланың қатарында Швейцарияның төрт шаһары бар:
- Цюрих – 2 орын;
- Женева – 3 орын;
- Базель – 4 орын;
- Берн – 5 орын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976323-almaty-seteldikter-usin-alemdegi-en-arzan-qalanyn-qataryna-kirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.