Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Дүйсенова: Зейнет жасын төмендету мәселесі талқыланып жатыр

Опубликовано:

Тамара Дүйсенова
Фото: primeminister.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілерге зейнет жасын төмендету мәселесі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тамара Дүйсенова журналистерге вице-премьер, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың зейнет жасын талқылау бойынша мәлімдемесіне орай қойған сұрағына жауап берген.

"Мұнда ешкім өтірік айтқан жоқ. Бюджеттік процесті өздеріңіз білесіздер. Қазір біздің министрліктің Қаржы министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен бірлескен жұмыс тобы бар. Жұмыс тобы бірінші графиктен өтті. Енді екінші графикте министрлердің алдына шығуымыз керек. Одан кейін республикалық бюджеттік комиссияға шығамыз. Сонда қазір біз бірінші топтағы жұмысты ғана бітірдік. Оның үстіне Ерұлан Жамаубаев - Қаржы министрі ғана емес, вице-премьер. Біз әлі министрлердің алдына жеткен жоқпыз", - деп жауап берді Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар ол елдегі әлеуметтік сала, зейнетақы мәселелері жөнінде пікір білдірген.

"Қазір зейнетке шығып жатқандардың зейнетақылары бұрын шыққан зейнеткерлердікінен төмен, себебі еңбек өтілдері аз. Сондықтан қазіргі бірінші мәселе – базалық зейнетақылардың параметрлерін өзгерту, яғни оны көбейту, екінші – ынтымақтастырылған зейнетақы мәселерін көтеру, оның да параметрлерін қарастыру. Содан кейін заң аясында ерте зейнетке шығу мәселесі де қарастырылған.

"Күміс жас" деген жаңа бағдарлама жасалып жатыр. Барлық есептерімізді жұмыс тобына өткіздік, енді екінші кезеңге шығып жатырмыз. Бюджетті қарағанда жұмыс тобында ең алдымен вице-министрлер жұмыс істейді, менің де вице-министрім сол топқа барып жүр. Кейінгі топта бұл мәселе министрлер деңгейінде талқыланады. Сондықтан, қазір жұмыс тобында барлық министрлік өкілдері жұмыс істеп жатыр. Ал Қаржы министрінің оны білу-білмеуінен менің хабарым жоқ", - деді Тамара Дүйсенова.

Еске сала кетейік, бұған дейін вице-премьер, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ведомство зейнет жасын төмендету мәселесін қарастырмағанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976404-tamara-duisenova-zeinet-zasyn-tomendetu-maselesi-talqylanyp-zatyr/

pixel