Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда аптап ыстыққа байланысты пойыздар кешігеді

Опубликовано:

Пойыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан аймақтарындағы аптап ыстыққа байланысты пойыздардың жылдамдығына шектеу қойылды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Ұлттық теміржол тасымалдаушысының мәліметінше, қазіргі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы +40°С, оңтүстік және батыс облыстарда +45°С дейін көтерілген. Яғни сыртқы температура +40°С...+45°С болған кезінде рельстер + 58°С...+62°С дейін қызады.

Сондықтан "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пойыздар қозғалысының жылдамдығына шектеулер қойып отыр.

"Осыған байланысты пойыздар діттеген жеріне кешеуілдеп жетеді. Компания келтірілген қолайсыздықтарға жолаушылардың түсіністікпен қарауын сұрайды. Қолайсыз ауа райы пойыз машинисінің жұмысын да айтарлықтай қиындататыны бар. Локомотив бригадаларына аптап ыстық кезінде пойыздарды ерекше тәртіпте ұстау тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976406-qazaqstanda-aptap-ystyqqa-bailanysty-poiyzdar-kesigedi/

pixel