Найзағай, бұршақ, дауыл: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
1 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
1 шілдеде Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
1 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
1-2 шілдеде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, 1 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с жетсе, күндіз екпіні 25 м/с жетуі ықтимал. 2 шілдеде жел күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
1 шілдеде Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976450-naizagai-bursaq-dauyl-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/