Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі фото: Pexels

Синоптиктер бүгін, 1 шілдеде еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қандай болатынын болжады. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, Алматыда күн райы жаңбырлы болады.

Шілде айының алғашқы күні Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз сынап бағанасы 30-32 градус жылыны көрсетеді. Соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кейде екпіні 13 м/с жетуі ықтимал.

Нұр-Сұлтанда синоптиктер күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр. Күндіз ауа температурасы 21-23 градусқа дейін жылынады. Желдің күші 5-10 м/с аспайды деп күтіледі.

Ал Шымкентте 1 шілде күні апатап ыстық болады деп болжануда. Күндіз жауын-шашын жаумайды және аздап жел күшеюі мүмкін. Атап айтқанда, желдің күші 8-13 м/с жетеді. Күндіз сынап бағанасы 34-36 градусқа дейін көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976483-bugin-almatyda-zanbyr-zauyp-naizagai-oinauy-mumkin/

pixel