Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында мас күйде жүк көлігін басқарған азаматтың соңынан қуған полицейлер видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Полицейлер жүргізушіні ұстады
Видеодан кадр: Polisia.kz

Павлодар облысының Ертіс ауылында полицейлер жылдамдықты асырған жүк көлігін көріп, оның рөліндегі азаматтың мас күйде болғанын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полицейлер Александр Нұрмағамбетов пен Ксения Макарова Ертіс ауылында тіркелген еңбек мигранттарын тексеріп жүріп, жылдамдықпен келе жатқан КамАЗ көлігін байқайды.

ІІМ мәліметінше, инспекторлар жүргізушіні тексеруді жөн көрген, бірақ олардың жүк көлігін тоқтату туралы талабы ескерілмеген.

"Көп тонналы машинаның ауыл тұрғындары үшін қауіпті екенін ескере отырып, полиция қызметкерлері жақын жердегі учаскелік полиция инспекторлары Талғат Зайниденов пен Бақтияр Қайыржановпен байланысқа шығып, көліктің жолын жедел түрде жапқан", – деп түсіндірді полиция қызметкерлері.

Жүргізуші тоқтап, бірден ұсталды. Тәртіп сақшылары ер адамнан алкогольдің иісі шыққанын мәлімдеді.

Медициналық куәландыру нәтижелері Ертіс ауылының 30 жастағы тұрғыны ауыр дәрежедегі мас күйінде көлік жүргізгенін дәлелдеді.

Ертіс аудандық сотының қаулысымен тәртіп бұзушы мас күйінде көлік жүргізгені үшін ӘҚБтК 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот ер адамды көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды.

"Полиция қызметкерлерінің қырағылығының, олардың үйлесімді жұмысының арқасында жүк көлігі жүргізушісінің қылмыстық әрекетінен болуы мүмкін ауыр зардаптардың алдын алды", - деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976492-pavlodar-oblysynda-mas-kuide-zuk-koligin-basqargan-azamattyn-sonynan-qugan-policeiler-videoga-tusip-qaldy/

pixel