Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжит Шәріпов "Қазатомөнеркәсіп" басшысы қызметінен кетеді

Опубликовано:

Мәжит Шәріпов
Мәжит Шәріпов. Фото: kazatomprom.kz

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы Мәжит Шәріповтің компанияның басқарма төрағасы - Директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен 2022 жылдың 4 шілдесінен бастап өз еркімен кететінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Компанияның Директорлар кеңесі "Қазатомөнеркәсіп" басқарма төрағасы қызметіне кандидатураны іріктеу кезеңінде өндіріс жөніндегі бас директор Ержан Жанәбілұлы Мұқанов басқарма төрағасының міндетін атқаратын болады.

"Компаниядағы жеті жылдық жұмыс кезеңінде атом саласында мол кәсіби тәжірибесі бар Шәріпов мырза мықты көшбасшылық қасиеттерін және ұзақ мерзімді құндылықты құруға бағытталған компания стратегиясына бұлжымас адалдығын көрсетті” - деді "Қазатомөнеркәсіптің" Директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфеллоу.

Компанияның Директорлар кеңесі мен басқармасы Шәріповке компанияның дамуына қосқан үлесі және адал жұмысы үшін шын жүректен алғыс білдірді.

"Стратегиялық маңызды атом саласында компанияны басқару мен үшін үлкен мәртебе болды", - деді Шәріпов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976573-mazit-saripov-qazatomonerkasip-bassysy-qyzmetinen-ketedi/

pixel