jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Транспорттың балама түрі болғаны маңызды": Шымкент әкімі қалаға LRT салу жоспарда барын мәлімдеді

LRT
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалаға LRT және BRT салу жоспарда бар екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйтенов мұндай ұсыныс қаланың бас жоспарын жаңарту аясында жасалғанын мәлім етті.

"Бұл жоба - біздің бас жоспарымыздың бір бөлігі. Жүзеге аса ма, жоқ па әлі белгісіз. Бірақ мегаполистің бас жоспарына сәйкес және мамандардың талабы бойынша қалада транспорттың балама түрі болғаны маңызды.

Автобустан басқа балама көлік құралы - LRT және BRT. Қайсысы бірінші іске асатыны қала бюджетінің мүмкіндігіне байланысты. Екіншіден, ол инвесторлардың мүмкіндігі мен ұсынысына байланысты. Бүгінде елімізде қоғамдық көліктер толығымен нарықтық экономикаға көшті", - дейді Шымкент әкімі.

Сондай-ақ қала басшысы қазіргі бас жоспардың жаңадан жасалмағанын, тек өзгертулер енгізілгенін еске салды.

"Қаланың бас жоспары 2012 жылы бекітілген. Ол кезде Шымкент облыс орталығы болатын. Қазір қалада миллионнан астам адам тұрады. Биыл халық санының өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізілуде. Біз қала тұрғындарына ұсыныстарын білдіруі үшін уақыт беріп отырмыз. Бас жоспарға LRT мен BRT қосылғанын көріп отырсыздар.

Сарапшылардың пікірінше, миллионнан астам тұрғыны бар қалаға балама көлік түрі қажет, өйткені халық саны артып келеді. Қазір LRT мен BRT сызбасы дайындалып жатыр. Олардың қалай жүзеге асатыны алдағы уақытта үкіметпен бірлесе талқыланатын болады. Соған қарамастан LRT құрылысы үшін инвесторлар тарту мүмкіндігін қарастырамыз", - дейді Мұрат Әйтенов.

"Транспорттың балама түрі болғаны маңызды": Шымкент әкімі қалаға LRT салу жоспарда барын мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.