Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Коронавирус": Өңірлер қайта "сары" аймаққа енген жағдайда қандай шаралар қабылданбақ

Опубликовано:

қызыл аймақ111
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Оның барысында өңірлер коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа өткен жағдайда қандай шаралар қабылданатылы белгілі болды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Комиссия отырысына орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдері және "Атамекен" ҰКП қызметкерлері қатысты. 

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде елімізде маусым айының ортасынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артқанын атап өтті.

Оның сөзінше, өткен аптамен салыстарғанда инфекция жұқтыру жағдайлары 2,9 есе артқан, науқастардың 80 пайызға жуығы – індетке қарсы екпе алмағандар және соңғы рет алты айын бұрын екпе алған адамдар.

Осы орайда комиссия Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар санының артуын ескере отырып, егер өңірлер коронавирустың таралуы көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа енген жағдайда төмендегідей қосымша шаралар қабылданатынын мәлім етті.

Олар:

  • науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;
  • COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
  • жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;
  • 10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.  

Сондай-ақ аймақтың эпидемиологиялық жағдайына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976585-koronavirus-oniler-qaita-sary-aimaqqan-engen-zagdaida-qandai-saralar-qabyldanatyny-belgili-boldy/

pixel