Бас мүфти құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған арнайы сайттың іске қосылғанын хабарлады
Опубликовано:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған арнайы сайттың іске қосылғанын хабарлады, деп жазады muftyat.kz.
Бас мүфти халықты "Құрбан-2022" қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырып, халыққа оңтайлы болу үшін биыл құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта болатынын жеткізді.
Айта кетейік, құрбан шалу рәсімін қашықтан өткіземін деген азаматтар qurban2022.kz сайты арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады.
Мүфтияттың мәліметінше, қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады.
Төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті.
Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен Whatsapp нөмірге жіберіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976632-bas-mufti-qurban-salu-rasimin-qasyqtan-otkizuge-arnalgan-arnaiy-saittyn-iske-qosylganyn-aitty/