Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Батыста қатты жаңбыр": Сенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жаңбырлы күн
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 2 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін де Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ал республиканың батысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Сондай-ақ күндіз Алматы, Жетісу облыстарының солтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Одан бөлек Қызылорда облысының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігі мен шығысында өрт қауіпі сақталады.            

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976660-batysta-qatty-zanbyr-senbide-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel