Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атамның алдында ешқашан жалаңбас жүрмедім": Зейнеп Ахметова әйгілі Момышұлына қандай келін болғанын айтты

Опубликовано:

Зейнеп Ахметова келіндік өмірі туралы сыр шертті
Зейнеп Ахметова: elana.kz

Жазушы әрі этнограф Зейнеп Ахметова марқұм атасы Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер айтып, келіндік өміріндегі тәрбиелік мәні бар оқиғаларды тізбектеді. Abai TV арнасының "Сарасөз" бағдарламасында қонақ болған ол қазіргі келіндерге, ұзатылар қыздарға қажетті кеңестерімен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"25 жасымда атаның (Бауыржан Момышұлы - ред.) қолына көшіп келдік. Кіші балам Елжанның үш жасар кезі. Апамыз қайтыс болып, атаның қолына келерде еш ойланған жоқпын. Атаны күтетін бір адам керек еді. Бұл менің қолыма диплом алып, телестудияда қызмет етіп жүрген кезім болса да, атама күтім жасау үшін бәрін тастадым. "Құдай-ау, мен жаспын ғой, қызмет деген әлі табылады. Мынадай адамды күту, мынадай адамның қолына су құю. Мұндай бақыт тек қана менің маңдайыма жазылған",- дедім де, қызметтен кетіп қалдым. Сол кезде көп танысым таңырқады. Осылайша, атаның қолына көшіп келдік.

Мен ешқашан атаның алдында жалаңбас жүрмедім, сирағым жалаңаш болған жоқ. Күнде таңертең атама сәлем саламын, күнде таңертең ол кісі маған бата беретін. "Өркенің өссін, абыройлы бол", - дейтін. Неше түрлі баталар беретін. Содан соң, мен Димекеңнен бастап қазақтың талай марғасқа ұл-қыздарына сәлем салып, бата алған адаммын. Қазір "Зейнеп апа, Зәке" болып жүрсем, сол кісілерден алған батаның шарапаты деп ойлаймын. Осыған анық сенемін.

Бата адамға рухани күш береді. Ата-бабаңның ұлтында, жадыңда жоқ нәрсені мың жерден қайталасаң да, келмейді. Ал ата-бабаңның өсиетіне адал болсаң, көсегең көгермей қоймайды. Қазақта бәрі бар. Ұлды да, қызды да тәрбиелеудің түрлі жолы бар. Тек соның тетігін таба алмай отырмыз", - деді Зейнеп Ахметова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976710-atamnyn-aldynda-esqasan-zalanbas-zurmedim-zeinep-axmetova-aigili-momysulyna-qandai-kelin-bolganyn-aitty/