Нұр-Сұлтанда журналист Махамбет Абжан ұсталды
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет журналист Махамбет Абжанды ұстады. Ол бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми Telegram-каналы.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті. 3 шілдеде жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде азамат М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласының уақытша ұстау орталығына қамауға алынды. М. Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексерілуде", - делінген ресми хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976722-nur-sultanda-zurnalist-maxambet-abzan-ustaldy/