COVID-19: Өткен тәулікте тағы 188 адамнан коронавирус анықталды
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтыру бойынша соңғы статистикалық мәліметтерді жариялады. Оған сәйкес, өткен тәулікте елімізде қауіпті дерт тағы 188 адамнан анықталды. Бұл туралы C0VID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram-каналында хабарланды.
Белгілі болғандай, коронавирус жұқтыру бойынша ең нашар көрсеткіштер Алматы мен Нұр-Сұлтанда тіркелген.
- Нұр-Сұлтан қаласында - 42,
- Алматы қаласында - 91,
- Шымкент қаласында – 13,
- Ақмола облысында – 6,
- Алматы облысында - 12,
- Шығыс Қазақстан облысында - 1,
- Жамбыл облысында - 8,
- Батыс Қазақстан облысында - 1,
- Қарағанды облысында - 11,
- Қостанай облысында - 1,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адамнан коронавирус анықталды.
Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 307 172 жетті.
Сонымен қатар 47 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976725-covid-19-otken-taulikte-tagy-188-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/