Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

СІМ
Фото: Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өзінің ресми сайтында Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жариялады. Ведомство көршілес елде орын алған жағдайды Қазақстан асқан алаңаушылықпен қабылдағанын жеткізді.

"Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес.

Сондықтан Қазақстанда соңғы күндері Өзбекстан Республикасында орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады.

Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз.

Бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз.

Қазақстан Өзбекстанмен 1998 жылғы 31 қазандағы Мәңгілік достық туралы шарт, 2013 жылғы 14 маусымдағы Стратегиялық әріптестік туралы шарт және 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем", - делінген СІМ ресми мәлімдемесінде.

Еске салайық, бірер күн бұрын Қарақалпақстан астанасында Өзбекстан Конституциясына енгізілетін өзгерістерге байланысты наразылық шерулері өткен болатын.

Өзбекстан Жоғарғы Кеңесі 1992 жылы желтоқсанда қабылдаған құжатқа сәйкес, Қарақалпақстан референдум негізінде Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығына ие егеменді республика болып табылады. Алайда жаңа түзетулер Қарақалпақстанды бұл мүмкіндіктен айыратын еді.

Кеше Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Сондай-ақ кеше Өзбекстан президенті Конституцияға Қарақалпақстанның егемендігі тұрғысынан өзгертулер енгізбеуді ұсынды.

Қазіргі уақытта Мирзиеевтің баспасөз қызметі хабарлағандай, республикадағы жағдай тұрақталған және толық бақылауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976745-qazaqstan-ozbekstandagy-songy-oqigalarga-qatysty-malimdeme-zasady/