Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстанның егемен мәртебесін өзгеріссіз қалдыруды ұсынды

Опубликовано:

Шавкат Мирзиёев
Шавкат Мирзиёев. Фото: Sean Gallup/Getty Images

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстанның егемен мәртебесіне қатысты Конституция бөліміне өзгеріс енгізбеуді ұсынды. Бұл туралы мемлекет басшысының ресми сайтында хабарланды.

Көрші ел басшысы Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстандағы толқыған халықты сабырға шақыру үшін Нүкіс қаласына барды. Ол жергілікті Жоғарғы кеңес депутаттары, ақсақалдар және актив өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қарақалпақстанның егемен мәртебесін өзгеріссіз қалдыруды ұсынды.

Ресми мәліметке сәйкес, Өзбекстан конституциясындағы 70, 71, 72, 74 және 75-бап редакциялары өзгертілмейтін болды. Қарақалпақстан Республикасының егемендік мәртебесі және қалаған уақытында референдум арқылы Өзбекстан құрамынан шығу мүмкіндігі сақталады.

"Ата заңға енгізілетін түзетулер әлі талқылану үстінде. Өзгерістер соның нәтижесінде қабылданады", - делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Айта кетейік, бұған дейін Қарақалпақстанда 2 тамызға дейін төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған болатынбыз. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1976731-savkat-mirziyoev-qaraqalpaqstannyn-egemen-martebesin-ozgerissiz-qaldyrudy-usyndy/

pixel