Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Moskva Metropolitan сауда орталығына тағы "мина қойылды" (видео)

Опубликовано:

Москва
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бүгін, 4 шілдеде Алматы қаласының полициясына Moskva Metropolitan сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Алайда ақпарат жалған болып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі оңтүстік астананың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жарылғыш зат туралы хабарлама полицияға таңғы сағат 10:04-те келіп түскен.

Ведомствоның баспасөз қызметі алгоритмге сәйкес, ең алдымен полицейлер сауда ойын-сауық орталығына келушілер мен қызметкерлерді қауіпсіз жерге шығарғанын атап өтті.

Осыдан кейін тексеріс жұмыстары басталған. Нәтижесінде "мина қойылған" туралы ақпарат расталмаған.

Осы орайда Алматы қаласының полиция департаменті азаматтарды дүрлікпеуге, тыныштық сақтап, қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін де Moskva Metropolitan сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976834-almatydagy-moskva-metropolitan-sauda-ortalygyna-tagy-mina-qoiyldy-video/

pixel