Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Гүлдер
Көрнекі фото: pexels.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 5-7 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, 5 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, 6 шілдеде солтүстік-батыста, республиканың орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Ал 7 шілдеде еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашын тоқтайды деп күтілуде.

Сондай-ақ мамандар күндіз батыста ауа температурасы +18+26°С-тан +23+31°С-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін көтеріледі деп болжап отыр.

Одан бөлек синоптиктердің мәліметінше:

  • Маңғыстау облысында күн райы +23+28°С жылы болады;
  • Маңғыстау облысының оңтүстігінде +31°С ыстық болуы мүмкін;
  • елдің орталығында ауа температурасы +20+28°С дейін көтеріледі;
  • Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде +33°С ыстық болады;
  • шығыста ауа температурасы +22+29°С жылыны көрсетеді;
  • Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +33°С градус ыстық болуы ықтимал;
  • оңтүстікте ауа температурасы +30+37°С-тан +25+33°С-қа дейін төмендеуі мүмкін;
  • елдің оңтүстік-шығысында сынап бағанасы +28+33°С көрсетіп, таулы аудандарда +23°С жылы болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976852-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/