Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбандыққа қандай мал шалынады

Опубликовано:

құрбан шалу
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов

Биыл Құрбан айт мерекесі 9-11 шілде аралығына белгіленді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы бұл діни мерекенің ең маңызды рәсімі - құрбан шалуға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Мереке қалай және қай кезде тойланады

Құрбан айт – мұсылмандардың қасиетті діни мерекесі. Мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы жұлдызында (арафа күнінен кейін) және ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен соң басталады.

Бұл күні Меккеге қажылыққа барғандар Мина алқабында құрбандық шалу рәсімі мен қажылықтың басқа да талап-шарттарын атқарса, оған мүмкіндігі жоқ мұсылмандар мешіттерде айт намазын оқып, ­құрбандық шалады.

Құрбандыққа қандай мал шалынады

Қасиетті құрбан айт мерекесінде жеті айдан кіші емес еркек немесе ұрғашы кой, екі жасқа толған сиыр, бір жасқа толған ешкі, бес жылдан асқан түйе шалуға болады.

Құрбандыққа қандай мал шалуға болмайды

Ауру, көтерем немесе өте жас малды құрбан шалуға болмайды. Қой да, ешкі де өте мықты әрі семіз болуы керек. Бір жері кем, ақсақ, құйрығы кесілген, соқыр, немесе жарты құлағы жоқ малдарды да құрбандыққа шалмайды.

Құр­бан ша­лу­дың уақы­ты

Құр­бан ша­лу­дың уақы­ты құр­бан айт­тың бі­рін­ші кү­ні айт на­ма­зы­нан кейін бас­та­лып, ай­ттың үшін­ші кү­ні ақ­шам­ға аз уа­қыт қал­ған­ға дейін жал­ға­са­ды.

Құр­бан ма­лы қа­лай ша­лы­на­ды?

Құр­бан ре­тін­де ша­лы­на­тын мал­ды қи­на­мау үшін, өт­кір пы­шақ қол­да­ну ке­рек. Мал­ды сою үшін жер­ге жат­қыз­ған­нан кейін пы­шақ­ты көз ал­дын­да жа­лақ­та­тып, қайрау дұрыс емес.

Құрбандыққа шалынған малдың еті мен терісін кімге береді

Бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне бо­ла­ды. Muftiat.kz сайтының мәліметінше, құрбандыққа шалын­ған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – мұстахап.

Бір бөлігі – туған-туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі – кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі.

Бірақ шалынған малды түгелдей кедей-мұқтаждарға таратуға болатыны сияқты, түгелдей өз отбасына қалдыра алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976886-qurbandyqqa-qandai-mal-salynady/

pixel