Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 7 шілдеден бастап жаңа карантин шаралары күшіне енеді

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында "Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шаралары туралы" қаулы жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 102 бабы 1 тармағына, 104 бабының 2 тармағына сәйкес қаланың бас санитарлық дәрігері қаулы етеді:

1. Аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, Алматы қаласы бойынша Кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), құқық қорғау органдары мен арнаулы органдар, мекеме басшылары, меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар мыналарды қамтамасыз етсiн:

  • Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 "Қазақстан республикасында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы" қаулысының орындалуын жалғастыруды;
  • әр 6 ай сайын коронавирустық инфекцияға қарсы егу және ревакцинациялау қажеттілігі туралы халық арасында белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсеткіштері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмысқа ауыстыру (қашықтан міндетін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда);
  • КВИ-мен ауыратын науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған тұлғаларды қашықтықтан жұмысқа ауыстыру (қашықтан міндетін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда);
  • барлық үй-жайларды желдету, вентилиция жүйелерін тексеру (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.).

2. Аудан әкiмдерi, мемлекеттiк органдар, Алматы қаласы бойынша кәсiпкерлер палатасы (келiсiм бойынша), меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға халық көп жиналатын жабық үй-жайларда (сауда орталықтары, сауда орындары, жабық базарлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер, кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт залдары, автовокзалдар, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар, конференциялар, қоғамдық көлікпен, метромен, халықаралық жолаушылар тасымалымен саяхаттаған кезде) 5 жасқа дейінгі балалар мен тамақтану кезіндегі жағдайды қоспағанда маска киюді ұсынсын.

3. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мыналарды қамтамасыз етсін:

  • КВИ-мен ауыратын науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған тұлғаларды қашықтықтан жұмысқа көшіруді және олардың медициналық бақылауды;
  • 7 күн бойы алғашқы медициналық-санитарлық көмек және телемедицина орталығы деңгейінде ауырлығы жеңіл және симптомсыз науқастарды амбулаторлық бақылау.

Қаулы 2022 жылғы 7 шілдеде сағат 00:00 бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976901-almatyda-7-sildeden-bastap-zana-karantin-saralary-kusine-enedi/

pixel