Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда өзін тастап кеткен қыздың ата-анасын пышақтап өлтірді деген күдікпен жас жігіт ұсталды

Опубликовано:

Пышақ кезеген жігіт
Көрнекі сурет: Sputnik / Абзал Калиев

Павлодар облысында 22 жастағы жігіт бұрынғы қызының анасы мен өгей әкесін пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қайғылы жағдай Тереңкөл ауданының Береговое ауылында болған.

Павлодар облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 3 шілде күні сағат 02.10-да 46 жастағы үй иесі мен 48 жастағы ер адамның зорлық-зомбылық белгілері бар денелері табылды. 

"Марқұмның кәмелет жасына толмаған баласы аман қалды. Ол бөлмелердің біріне тығылған. Аталған қылмыс бойынша күдікті ретінде 22 жастағы ауыл тұрғыны анықталып, қолға түсті. Оқиға орнында тиісті тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада. 

Кісі қолынан қаза тапқан 46 жастағы әйелдің қызы оқиғаға қатысты тың деректерді ұсынды.

Оның сөзінше, қылмысты жеті айға жуық жүрген бұрынғы жігіті жасаған. 

"Шамамен бір ай бұрын мен оның есірткі қолданатынын білдім, сондықтан онымен қарым-қатынасты тоқтатуды шештім. Ол қарсы болды және менің әлі бұл шешімім үшін қатты өкінетінімді айтты. 2 шілдеде мен Павлодарда болдым, колледжге түсу үшін құжаттар тапсыруға дайындалдым. Түнде тәтем маған қоңырау шалып, шұғыл түрде оралуым керек екенін айтты. Үйде анам мен өгей әкемді өлтіріп кеткенін білдім", - деді 16 жастағы қыз.

Бойжеткеннің айтуынша, туыстары оған оқиғаның мән-жайын айтып берген.

"Сол түні анам, өгей әкем және 13 жасар бауырым үйде болды. Олар түнгі сағат бірге қарай отшашуды естіп, көшеге шыққан. Бауырым барғысы келмей, үйде қалды. Біраз уақыттан кейін анам үйге жүгіріп келіп, ініме жасырын деп айтқан. Бауырымды құтқаруға тырысып, көмек сұрап жүгірген. Ол аллеяға жеткен кезде бұрынғы жігітім оны қуып жеткен. Анам пышақ жарақатынан қайтыс болды. Бұған дейін ол анамды қорғауға тырысқан өгей әкемді де  өлтірген", - деді ол.

Марқұмның қызы күдікті ұсталғанымен жазадан құтылып кете ме деп қорқатынын жасырмады.

"Бүгін оның анасы келіп, көмек ретінде ақша әкелді. Ол жылап, ұлының ауырғанын айтты. Бәлкім, бұл есірткінің әсері болуы мүмкін, бірақ бұл қатыгездікпен кісі өлтіруді ақтамайды. Анамның бүкіл денесінде пышақ жарақаттары бар. Біз бауырымызбен жалғыз қалдық, бай туыстарымыз бен таныстарымыз жоқ. Ертең анам мен өгей әкемді өлтірген адам бостандыққа шығып, бізді де аман қалдырмайды деп қорқамын", - деді бойжеткен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес ("Екі және одан да көп адамды өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976967-pavlodarda-zas-zigit-ozin-tastap-ketken-qyzdyn-ata-anasyn-pysaqtap-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel