Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда алаяқ әйел тұрғындардың 43 млн теңгегесін алаяқтық жолмен алған

Опубликовано:

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

50 жастағы әйел Қарағандыда алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол екі жыл ішінде тұрғындардың 43 млн теңгеден астам ақшасын иемденіп, алдап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары әйелдің 2019-2021 жылдары заңсыз іспен айналысқанын жеткізді. Ол өзін банк қызметкері ретінде көрсетіп, адамдарға ипотека мен субсидияны еш қиындықсыз рәсімдеуге уәде берген.

Қарағандылықтың хабарландыруды әлеуметтік желілерде жариялағаны белгілі болды. Оның қулығына барлығы 30-ға жуық адам ілінген.

Алғашқы жарна ретінде жәбірленушілер 450 мыңнан 2 млн теңгеге дейін берді. Алаяқ ақшаны алып, сол күйі қайтармаған.

Осыдан соң қала тұрғындары полицияға арызданған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы ("Бірнеше рет жасалған алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу 29 эпизод бойынша кінәсін дәлелдеді. Жалпы келтірілген шығын көлемі 43 млн теңгеден асады.

Іс сотқа жіберілді.

Сот шын жүректен өкінуді және кәмелетке толмаған екі баланың болуын ескеріп, әйелге 3 жыл 6 ай бас бостандығын айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ ол жазаны өтеудің барлық мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды. Үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976992-qaragandyda-alayaq-aiel-turgyndardyn-43-mln-tengegesin-alayaqtyq-zolmen-algan/

pixel