Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін қазақстандықтар Астана күнін атап өтеді

Опубликовано:

Елорда күні
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Юлия Абрамова

Бүгін қазақстандықтар Нұр-Сұлтан қаласы күнін атап өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2008 жылы 6 шілде Астана күні мемлекеттік мереке ретінде тізімге енді. Бүгін қазақстандықтар үшін мерекеге орай демалыс күні. Биыл Астанаға 24 жыл толып отыр.

1997 жылы 20 қазан күні астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойылды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. Ал 2019 жылы 23 наурызда Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында Астана күніне орай отшашу болмайды. Алайда елорданың 24 жылдығына орай бірқатар шара өтеді.

Осы күнге орай қаланың бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдары концерттер, спорттық турнирлер, көрмелер ұйымдастырады. Мәселен 6 шілде сағат 11:00-де Триатлон паркте Elorda Tolqyny спорттық жарысы басталады. Осы уақытта "Қазанат" ипподромында шабандоздар "Елорда кубогы" үшін бәйге түрлерінен бақ сынайды.

Кешке, сағат 21:00-де Амфитеатр сахнасында Ұлықпан Жолдасов "Ақ қанат-ақ құсым" бағдарламасымен өнер көрсетеді. Сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін "Астана-Арена" стадионының тұрағында дәстүрлі Open air "Халықпен бірге" шарасы өтеді. Сол күні кешке "Қазақстан" ОКЗ "Дос-Мұқасан" ансамблінің шығармашылығына арналған "Далам менің" концерті ұйымдастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977155-bugin-qazaqstandyqtar-astana-kunin-atap-otedi/

pixel