Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік туристік компаниялар Алматы облысына келді

Опубликовано:

Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы 15 туристік компанияға арнап бескүндік турлар ұйымдастырды.

Ресей, Катар, Сауд Аравиясы, Үндістан және БАӘ-ден келген туристік компанияның өкілдері Алматы облысының көрнекі жерлеріне саяхат жасап, өңірдің табиғатымен, тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысты.

Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Одан бөлек шетелден келген қонақтар Алматы облысындағы туристік қызметті бағалауға мүмкіндік алды. Олардың көбі өңірдің туристік бизнесті дамытудағы әлеуеті зор екенін атап өтті.

Бұл ақпараттық турлардың басты мақсаты Алматы облысына көптеген шетелдік турист тарту болып отыр. Сондай-ақ турлар өзге елдердегі серіктестермен қарым-қатынасты нығайтып, өзара тиімді байланыстар көзін табуға сеп болады.

Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Туристік ақпараттық орталықтағылардың айтуынша, өңірді шетелдік қонақтар үшін танымал әрі тартымды ету аса қажет. Бүгінгі таңда әлемдік туристік нарықтағы бәсеке өте жоғары, ал жоғары деңгейдегі халықаралық стандарттарға сай болу үшін Алматы облысының туризм басқармасы қажетті жұмысты атқаруға барынша тырысуда.

Ковид пандемиясы туристік бизнеске айтарлықтай зиянын тигізгені белгілі. Екі жыл ішінде түрлі елдегі ірі туристік туроператорлар үлкен шығынға батты, ал шағын компаниялар тіптен жабылып қалды.

Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Пандемия аяқталып, карантиндік шектеулер алынған соң әлемдегі туристік агенттіктер осы екі жылда кеткен есені қайтарып, демалыстың жаңа бағыттарын іздеу үшін әр мүмкіндікті жіберіп алмауға күш салып жатыр. Бұл ретте Қазақстан, оның ішінде Алматы облысы шетелдік туристік агенттіктердің назарын айрықша аударып отыр.

Бескүндік мазмұнды бағдарлама аясында қатысушылар Oi-Qaragai (бұрын "Лесная сказка" деп аталған) демалыс орнына, Алтын Емел ұлттық паркіне, Көлсай және Қайыңды көлдеріне, Шарын шатқалы мен өзге де туристік орындарға барды. Шетелдік қонақтар Алматы өңірінің керемет табиғатына тамсанып, климаты мен жергілікті тұрғындардың қонақжайлығына сүйсінді.

Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Туристік форумға Rezbook Global, Volshebny Holidays, Seera Group, Tripstide Pvt Ltd, Mosafer Travel & Torusim, "Олимпия Райзер", Evroport секілді өзге де компаниялар қатысты.

Турдың соңында жергілікті туроператорлардың қатысуымен конференция өтті. Компаниялар қонақтарға өз қызметін және өздері ұсынып отырған өнімдермен таныстырып, презентация жасады. Шара қорытындысы бойынша шетелдік туристерді қабылдау жөнінде 5 келісімшартқа қол қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977174-seteldik-turistik-kompaniyalar-almaty-oblysyna-keldi/

pixel