Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем - украин, анам - орыс": Қазаққа келін болған ақтөбелік полицей ерекше өмірі туралы айтып берді

Опубликовано:

Айдын Ырзалиев пен Вероника Супрун
Айдын Ырзалиев пен Вероника Супрун. Фото: Жеке мұрағат

Ақтөбелік полицейлер Айдын Ырзалиев пен Вероника Супрун жақында ғана шаңырақ көтерді. Жас жұбайлар үш жыл бұрын танысқан. Қазақ тілінде еркін сөйлеп, салт-дәстүрді меңгеріп алған Вероника KAZ.NUR.KZ тілшісіне қызықты өмірі туралы айтып берді.

"Қазақтың келіні болу маңдайыма жазылғандай. Анам - орыс, әкем - украин. Төрт бауырым да орыс мектебін бітірді. Үйде мен ғана мектепті қазақша оқыдым. Қазір еркін сөйлеймін. Бағым шығар, қазақтың келінімін. Барлық салтты білемін. Ұлттық тағамдарды істей аламын. Басыма орамалымды тартып, келіндік қызметімді атқарып, сәлем салып жүрмін", - дейді Вероника Супрун.

Жас келіншек 2019 жылдан бастап ішкі істер саласында жұмыс істейді. Ал жолдасы Айдын Ырзалиев – полиция инспекторы, Қызылорда облысы Арал ауданының тумасы.

Қазаққа келін болған ақтөбелік полицей ерекше өмірі туралы айтып берді
Фото: Жеке мұрағат

"Профилактикалық жұмыстармен үйіме келген учаскелік полиция қызметкері өмірлік жолдасым болады деп ойламадым. Сол жылы ішкі істер саласында жұмысқа тұру үшін құжат жинап жүрген кезім.

Үйге келген инспекторға ішкі істер саласына жұмысқа тұрғалы жатқанымды айтып, мінездеме жазып беруді өтіндім. Жұмысқа тұру үшін мінездеме жазып берген учаскелік полицей қазір өмірлік серігіме айналды", - дейді Вероника Супрун.

Ардақ Ерубаева, Ақтөбе облысы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977628-akem-ukrain-anam-orys-qazaqqa-kelin-bolgan-aqtobelik-policei-erekse-omiri-turaly-aityp-berdi/

pixel