Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропадан Қазақстанға ұшатын рейстер жүгінің кешігуіне не себеп: Air Astana жауап берді

Опубликовано:

Әуежайдағы багаж
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы еуропалық әуежайлардан келетін рейстерде багаж кешіктірілетінін айтып, жолаушыларына ескерту жасады. Хабарлама әуе компаниясының ресми Telegram каналында жарияланды.

Әуе компаниясының хабарлауынша, пандемия кезінде еуропалық әуежайлар қызметкерлер санын қысқартқан. Алайда жазғы навигацияның басталуына және көптеген елдің әуе айлағы шекараларының ашылуына байланысты қызметкерлер жетіспеушілігі сезілуде. Сондықтан әуежайларда жолаушыларға қызмет көрсету және багаж алу кезінде қиындықтар туындап жатыр.

"Соңғы бірнеше аптада әр түрлі әуе компаниясының жүздеген жолаушысы багаждарын алу үшін оны бірнеше сағат күтуге мәжбүр, ал кейбір саяхатшылар жүгін әлі ала алмай жүр. Мысалы, Франкфурт әуежайында шамамен 12 000 бірлік багаж әлі де берілмеген, соның ішінде Air Astana жолаушыларының багажы да бар", делінген ресми хабарламада.

Air Astana жолаушылардан жеткізілмеген жүкті күтуде түсіністік пен төзімділік танытуды сұрады.

"Әуекомпания жүктерді тез арада жеткізу үшін бар күшін салуда. Жолжүк мәселесі бойынша өтінішті әуекомпания порталында қалдыруға болады. Air Astana еуропалық әуежайлардағы форс-мажор нәтижесінде туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977630-europadan-qazaqstanga-usatyn-reister-zuginin-kesiguine-ne-sebep-air-astana-zauap-berdi/

pixel