Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда сотталушы ұялы телефонды колонияға тәтті бұрышқа салып өткізбек болған

Опубликовано:

Тәтті бұрышқа жасырылған телефон
Тәтті бұрышқа жасырылған ұялы телефон. Фото: Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Павлодарда жазасын қауіпсіздігі ең төмен АП-162/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы ұялы телефонды колонияға тәтті бұрышқа салып өткізбек болған. Алайда оның қулығы әшкере болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Басылымның мәліметінше, қала аумағына шығып, қайта оралғаннан кейін тексеріс барысында 36 жастағы сотталушыдан ұялы телефон табылған.

Телефон тәтті бұрышқа жасырылған. Бұл жайттан соң сотталған адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қауіпсіздігі ең төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушылар қалаға шығуға құқылы. Алайда олар мекемеге оралған кезде колония аумағына тыйым салынған заттарды кіргізуге жол бермеу мақсатында тексеріледі", - дейді АП-162/2 мекемесі бастығының орынбасары Сұлтан Бакин.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазасын өтеушілер мен олардың туыстарына тыйым салынған заттарды түзеу мекемесіне әкелуге болмайтынын, ол үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырлағыны ескертіліп отырады.

Дегенмен соған қарамастан, телефондар мен есірткі заттарын жіберу фактілері тіркеліп жатады дейді мекемеден.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977670-pavlodarda-sottalusy-uyaly-telefondy-koloniyaga-tatti-burysqa-salyp-otkizbek-bolgan/

pixel