Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттен ұшып шыққан Air Astana ұшағының қозғалтқышы істен шықты

Опубликовано:

Air Astana ұшағы Шымкент әуежайына қайта қонды
Көрнекі сурет: facebook.com/airastana

9 шілде күні Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсті орындамақ болған Air Astana ұшағы техникалық себептермен Шымкент әуежайына қайта оралды. Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының Telegram арнасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әуекомпания мәліметінше, 9 шілде күні Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы КС 342 рейсін орындау кезінде техникалық себептермен ұшақтың сол жақ қозғалтқышы істен шыққан.

"Экипаж қажетті процедуралардың бәрін жасап, жағдайды дереу бақылауға алып, Шымкент әуежайына қайта оралу туралы шешім қабылдады. Қону кезінде ешқандай қиыншылық болған жоқ. Аталған жағдайға қатысты ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің r-көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру Департаментімен бірлесіп, зерттеу жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Жолаушылардың барлығы FlyArystan және Air Astana-ның жақын арадағы тікелей рейстеріне қайта броньдаудан өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977693-symkentten-usyp-syqqan-air-astana-usagynyn-qozgaltqysy-isten-syqty/

pixel