Шымкентте ерлі-зайыптының арасындағы ұрыс күйеуінің өлімімен аяқталды
Жарияланған күні:
Шымкентте ерлі-зайыптының арасында жанжал шығып, ұрыс-керіс соңы кісі өлімімен аяқталған. Оқиға 7 шілде күні болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, 48 жастағы ер адам жанжал кезінде пышақ жарақатын алған. 4 баланың әкесі алған дене жарақатынан бақилық болған.
Аталған оқиға бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"2022 жылғы 7 шілдеде Жедел басқару орталығының "102" арнасына қалалық жедел жәрдем бригадасынан 48 жастағы ер азаматтың дене жарақатынан қайтыс болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Тексеру барысында оның ерлі-зайыптының арасында туындаған жанжалдан пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.
Аталған жайт Еңбекші ауданы Полиция басқармасының СДТБТ-ға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) тіркелді", - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977928-symkentte-erli-zaiyptynyn-arasyndagy-urys-kuieuinin-olimimen-ayaqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.