Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таразды қою түтін басты": Министрлік ауада фтор қосылыстарының көбейгенін растады (видео)

Опубликовано:

Таразды қою түтін басып, ауа ластанды
Тараздағы қою түтін. Фото: inform.kz

Тараздағы "Қазфосфат" ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытынан шыққан қою түтін қалаға тарап, тұрғындар өзін жайсыз сезіне бастады, деп хабарлайды Қазақпарат.

11 шілде күні кешкі сағат 20:30 шамасында облыс орталығынан алты шақырымда орналасқан "Қазфосфат" зауытында өндірістік қалдықтар бір мезгілде шығарылып, ауаға фтор қосылыстары тарай бастады. Ауадағы фтор қосылыстарының көлемі 2-3 есеге көбейген. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Таразда ауаның ластанғанын анықтады.

Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, Тараз қаласында атмосфералық ауа мониторингі 5 бақылау бекеттерінде, соның ішінде 4 қол күшімен алынатын бекеттерде және 1 автоматтық станцияда жүргізіледі.

Жалпы қала бойынша ластану 16 көрсеткішке дейін анықталады:

1) қалқыма бөлшектер (шаң); 2) РМ 2,5 қалқыма бөлшектері; 3) РМ 10 қалқыма бөлшектері; 4) күкірт диоксиді; 5) көміртегі оксиді; 6) азот диоксиді; 7) азот оксиді; 8) фторлы сутек; 9) формальдегид; 10) озон (жербеті); 11) күкіртсутек; 12) бенз(а)пирен; 13) марганец; 14) қорғасын; 15) кобальт; 16) кадмий.

"2022 жылғы 11 шілдеде ауа мониторингі нәтижесі ауада қалқыма бөлшектер (шаң), азот диоксиді, күкіртті сутегі бойынша ластанудың көтеріңкі деңгейін көрсетті",-делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетелік, 11 шілде күні кешке қарай Тараз қаласын қою түтін басып, тұрғындар өздерін жайсыз сезіне бастаған. Адамдардың басым көпшілігі тамағы қышып, басы айнала бастағанын әлеуметтік желілерде жариялай бастады. Қазіргі таңда зауыттағы жағдайдың себебі анықталуда.

"Қазфосфат" зауыты техникалық күкірт қышқылы, минералды тыңайтқыштар және ауыл шаруашылығына арналған фторсыздандырылған фосфат шығарумен айналысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977950-tarazdy-qoyu-tutin-basty-ministrlik-auada-ftor-qosylystarynyn-kobeigenin-rastady-video/