Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1,5 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген Қостанай әуежайын су басты

Опубликовано:

Қостанай әуежайын су басты
Видеодан кадр: Астана телеарнасы

Жуырда ғана 1,5 млрд теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Қостанай халықаралық әуежайын су басты. Ғимараттың суағар жүйесі жаңбыр суына төтеп бере алмаған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, таяуда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген халықаралық әуежайдың күрделі жөндеу жұмыстарына 1,5 миллиард теңге жұмсалған. Жаңбырдан кейін ғимараттың суағары сыр беріп, күту залын су басты. Ал әуежай басшылығы "нөсердің қатты болатынын күткен жоқпыз" деп отыр.

"Жоба бойынша бәрі істелді. Бірақ жаңбыр суы аққан тұсына ештеңе істелген жоқ. Жаңарған жоқ. Біздің канализация. Сондықтан суағар жүйесін өзіміз дұрыстаймыз. Оны жөндеу жолдарын қарастырып жатырмыз. Бұлай болады деп ешкім күткен жоқ", - деді халықаралық әуежайдың басқарма төрағасының орынбасары Николай Гембарь.

Әуежай басшылығының сөзінше, қыруар қаржыдан суағар жүйесін жаңартуға ақша бөлінбеген.  Ал жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығы жоба бойынша суағаралар жаңғыртылғанын айтуда.

"Жобада бар. Екі суағар. Бір жағынан жазда далаға шығу керек. Қыста канализацияға кету керек. Соның неге істемей қалғанын анықтаймыз", - деді Қостанай облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Болат Сейдахметов.

Басқарма өкілдері мердігер мен жобалаушыны шақыртып, кімнің ағаттық жібергенін анықтамақ.

З. Санай

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977966-15-mlrd-tengege-kurdeli-zondeu-zurgizilgen-qostanai-auezaiyn-su-basty/

pixel