Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 жыл бойы іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Мәскеуде ұсталды

Опубликовано:

Жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен 12 жыл бойы іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Мәскеуде ұсталды
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлық жасады деп күдіктелген Болат Алтынбеков Мәскеуде ұсталды. Ер адам 2010 жылдан бері халықаралық іздеуде жүр, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми Telegram-арнасы.

Ведомство өкілдері қылмыстық қудалаудан жасырынып жүргендерді іздеуге баса назар аударатынын алға тартты. Күдіктілердің кейбірі қазақстандық соттан жалтару үшін елден тыс жерде жасырынатыны белгілі болды.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресейдің құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан ІІМ Интерполымен бірлесе отырып сыбайлас жемқорлық жасады деп күдіктеліп отырған Болат Алтынбековті Мәскеу қаласында ұстап, қамауға алды.

Антикорда атап өткендей, 2010 жылдан бастап Алтынбековке халықаралық іздеу жүргізілген. Ведомство қызметкерлері анықтағандай, ер адам тергеу органдарынан жасырыну үшін "Алтынбеков" деген тегін "Алшер" деп өзгерткен.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, оны Қазақстанға экстрадициялау рәсімі басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977989-zemqorlyq-qylmys-zasady-degen-kudikpen-12-zyl-boiy-izdeude-zurgen-qazaqstan-azamaty-maskeude-ustaldy/

pixel