Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Телефонмен сөйлескен ақтөбелік әжей 24 млн теңгесінен айырылып қалды

Опубликовано:

Ұялы телефон1
Көрнекі фото: pixabay.com

66 жастағы ақтөбелік алаяқтардың құрбаны болды. Оны өзін банк қызметкері ретінде таныстырған бейтаныс адам алдап соққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, шілде айында Ақтөбе қаласының тұрғынына бейтаныс адам қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Содан кейін әжейді шотын алаяқтардан қорғауға шақырып, мұның әдеттегідей операция екенін жеткізген.

Бұнымен қоймай ер адам құрбанынан депозиттегі барлық жинағын көрсеткен қауіпсіз шотқа жіберуді өтінеді.

Кейінірек ол басқа ұсыныспен хабарласып, алаяқты ұстау үшін жылжымайтын мүлкін сатуын сұрайды. Оның барлық ұсынысына келіскен аөтөбелік 24 млн теңгеден астам қаржысынан айырылып қалды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978041-telefonmen-soilesken-aqtobelik-azei-24-mln-tengesinen-aiyrylyp-qaldy/