Алматылықтар маска тағу режиміне қайта оралды
Опубликовано:

Алматы тұрғындарына жабық мекемелер мен қоғамдық көлікте бетперде тағу ұсынылды. Бұл туралы қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, елімізде коронавируспен ауырғандар санының өсуіне байланысты Алматы қаласында қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданған. Олар:
- науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
- вакцина салдыруға қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
- жабық мекемелерде, қоғамдық көлікте бетперде тағу;
- 10-нан астам адамның қатысуымен өтетін кеңестерді онлайн-форматқа ауыстыру.
Бұл ретте әкімдік әзірге маска тағу талабы тек ұсыныс ретінде енгізіліп отырғанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978074-almatylyqtar-maska-tagu-rezimine-qaita-oraldy/