Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында Қазақстан мен Ресей арасында екі жаңа әуе рейсі ашылады

Опубликовано:

Әуежайдың іші
Көрнекі фото: pixabay.com

Таяуда Қазақстан мен Ресей арасында тұрақты екі әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды еліміздің Азаматтық авиация комитеті ресми Telegram-каналында.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан мен Ресейдің авиациялық комитеті халықаралық қатынастарды одан әрі жаңарту және кеңейту мақсатындағы жұмыс шеңберінің аясында екі ел арасында жаңа тұрақты жолаушылар рейсін ашу мәселесін қарастырған.

Осы орайда ресейлік Red Wings әуе компаниясы биылғы жылдың 17 шілдесінен бастап Алматы – Челябинск бағыты бойынша жексенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен, 22 шілдеден бастап Ақтөбе-Жуковский бағыты бойынша жұма және жексенбі күндері аптасына 2 рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр.

Комитеттің дерегінше, рейстер SU-95 типті әуе кемелерімен орындалатын болады. Ал билеттерді әуе компаниясының ресми сайтынан алуға болады.

"Қазақстан мен Ресей арасындағы жаңа рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өткен жөн", - дейді еліміздің азаматтық авиация комитеті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978105-zaqynda-qazaqstan-men-resei-arasynda-eki-zana-aue-reisi-asylady/

pixel