jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Әлі де бала тууға дайынмын": Маңғыстаулық келіншек он екінші сәбиін дүниеге әкелді

Он екінші баласын дүниеге әкелген Айнұр Жұманбетова отбасымен
Он екінші баласын дүниеге әкелген Айнұр Жұманбетова отбасымен. Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында тұратын отбасының он екінші сәбиі дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдегі "Ана мен бала" орталығына сілтеме жасап.

Орталық директоры Жапырақ Епенованың айтуынша, Айнұр Жұманбетова он екінші баласын табиғи жолмен дүниеге әкелген.

Өмірге ұл бала келген. Нәрестенің салмағы – 3 келі 770 гр, бойы – 55 см.

"Ана мен сәбидің жағдайы тұрақты болғандықтан, үйіне шығарылды", - дейді ол.

Көпбалалы ана Айнұр Жұманбетова 18 жасында тұрмысқа шыққан. Отбасының жаңа туған сәбиінен бөлек, 7 ұлы 4 қызы бар. Ал олар 12-перзентіне Мұхаммед-Әмин деп ат қойған.

Қарапайым жанұя былтыр мемлекет бағдарлама аясында арендалық пәтер алған.

"Отағасының айлығы және балалардың жәрдемақысымен ел қатарлы күн кешіп келеміз. Тұңғышым 17 жасқа толады. Биыл 11-сыныпқа өтті. Әскери қызметкер болуды жоспарлап отыр. Екінші ұл 9-сынып бітіріп, колледжге құжат тапсырып жатыр. Кішісі 1 жарым жаста. Жолдасым да, өзім де көпбалалы отбасынан шыққанбыз. Енді балаларымызға жақсы білім, тәрбие беріп, елге қамқор азамат қылып өсірсек, арманымыз жоқ. Алла беріп жатса, әлі де бала тууға дайынмын", – дейді Айнұр Жұманбетова.

Айта кетейік, отбсында егіз немесе үшем жоқ.

"Әлі де бала тууға дайынмын": Маңғыстаулық келіншек он екінші сәбиін дүниеге әкелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.