Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отырарда Мұхтар Шахановтың 80 жасы тойланды (видео)

Опубликовано:

Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов. Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Кеше, 12 шілдеде қазақтың ұлы ақыны, тіл қорғаны Мұхтар Шахановтың 80 жас тойы туған жері Отырарда басталды. Біртуар тұлғаны мәжіліс депутаты Қазыбек Иса арнайы құттықтап келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мұхтар Шахановтың туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік жиынның видеосы Facebook желісінде пайда болды.

Алғашқылардың бірі болып құттықтау сөзін мәжіліс депутаты, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса алған. Ол Шахановтың еліміз бен тіліміздің тарихында орны елеулі екенін атап өтті.

"Мен бүгін киелі Отырар жеріне қазақтың ұлы ақыны, мемлекеттік тіл үшін күрестің көсемі, мұзбалақ Мұхтар Шахановтың тіл күресін жалғастырушылардың атынан сексеннің сеңгіріне шығуымен құттықтауға келіп тұрмын. "Ақ жолдың" ақ тілегімен келіп тұрмын. Мемлекеттік тіл үшін күрес, ол оңды шешілмесе, ешқашан тоқтамайды!

Мұқа, бүгін сіздің алдыңызда, мынау қасиетті қалың елдің алдында айтарымыз, біздің жақында жасаған депутаттық сауалымызда айтылғандай, біз бәрібір мемлекеттік тілді міндеттеу туралы заңды қабылдатамыз!

Бірақ, сіз сонда да асықпаңыз ешқайда! Тілдің шыжығын көрдіңіз, енді қызығын көріңіз! Жүзіңіз жарқын күйде жүзге жетіңіз!

Енді бүгін еліміздегі Алаштың ұлттық мүддесі үшін күресіп жүрген бүкіл ұлт зиялыларының атынан, "Ақ жолдың" атынан, мынау осында отырған қалың ел, сіздердің аттарыңыздан Мұхтар Шахановты "Алаштың Алтын медалымен" марапаттаймыз! Алла жар болсын! Әрдайым ақ жол тілейміз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978238-otyrarda-muxtar-saxanovtyn-80-zasy-toilandy-video/

pixel