Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Әбенов Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Бауыржан Әбенов
Бауыржан Әбенов. Фото: Қостанай облысы ПД

Полковник Бауыржан Әбенов Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ведомство өзінің Facebook парашасында хабарлады.

Бауыржан Нұрсұлтанұлы Әбенов - Қостанай облысының тумасы. Бұған дейін ІІМ Тергеу департаментінің Тергеу басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Арқалық қаласының Ішкі істер басқармасында, одан кейін Ішкі істер министрлігінде жұмыс істеді. Жеке тұлға мен меншікке қарсы аса қауіпті қылмыстарды тергеуде үлкен тәжірибесі бар.

Полиция полковнигі жаңа қызметінде тергеу және анықтау мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978276-bauyrzan-abenov-qostanai-oblysy-pd-bastygynyn-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel