jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Нұр-Сұлтан әуежайында жөндеу жұмыстары жүреді: Бірқатар рейстің уақыты өзгереді

әуежай
Елорда әуежайы. Фото: facebook.com/NNAirportOfficial

Нұр-Cұлтан халықаралық әуежайы 15 шілде мен 8 тамыз аралығындағы күндізгі рейстер басқа уақытқа ауыстырылатынын хабарлады. Себебі ұшу-қону жолағында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүреді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жөндеу жұмыстары Нұр-Сұлтан әуежайында 15 шілде мен 8 тамыз аралығында 11:00-ден 18:00-ге дейін жүреді.

Осы уақытқа жоспарланған 20 күндік рейстердің уақыты бірнеше ай бұрын таңертеңге немесе түнге ауыстырылды.

Кестені Нұр-Cұлтан әуежайының сайтынан көруге болады, сондай-ақ жолаушыларға SMS-хабарламалар келеді.

"Біз әуежайды жаппаймыз: ол штаттық режимде жұмыс істейді, бірақ жөндеу жұмыстарына байланысты 24 сағаттың орнына 17 сағат жұмыс істейді. Жөндеу күндізгі уақытта 11:00-ден 18:00-ге дейін жүреді.

Жөндеу жұмыстары жаз мезгілінде ауа-райына байланысты жүргізілмек. Асфальт ыстық болуы керек, күзде жаңбыр жауады, сондықтан бұл маусымда жөндеу жүргізілмейді", – деді әуежай басқармасы төрағасының өндірістік бөлім бойынша орынбасары Ерғазы Жолдасов.

Нұр-Сұлтан әуежайында жөндеу жұмыстары жүреді: Бірқатар рейстің уақыты өзгереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.